
Әлтай Халықбек Сейтханұлы
Шиелі ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшесі
Өмірбаян
Әлтай Халықбек Сейтханұлы 11 ақпан 1960 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келді. 1966 жылы Шиелі ауданы Бала би ауылындағы №50 Абай атындағы орта мектебінің 1 сыныбына қабылданып, 1976 жылы Шиелі ауданындағы №219 Ы.Алтансарин мектебін бітіріп шықты. 1976 – 1981 жылдар аралығында Шымкен қаласындағы М. Әуезов атындағы педагогикалық институттың физика факультетінде физика және еңбек мамандығы бойынша жоғары білім алды.
Еңбек жолын 1981 – 1987 жылдарда №97 Шиелі кәсіптік – техникалық училищеде оқытушы болудан бастап, 1987 – 1989 жылдарда осы училищенің кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 1989 – 1996 жылдар аралығында аудандық басқару аппаратында, алдымен аудандық Кеңесі атқару комитетінде нұсқаушы, поселкелік Кеңесте аға референт, аудан әкімшілігі ішкі саясат бөлімінде бас маман қызметінде болды.
1996 – 1997 жылдарда №9 мектепаралық оқу өндірістік комбинатында директор, 1997 жылдың қазан айынан Жөлек ауылындағы №152 қазақ орта мектебінің директоры, 2012 жылы Ортақшыл ауылындағы №150 қазақ орта мектебінің директоры, 2013 жылы Шиелі ауданындағы №244 Ы. Жахаев атындағы орта мектебінің директоры, 2015 жылдан қыркүйегінен өзі оқыған Балаби ауылындағы№50 Абай атындағы орта мектебінің директоры қызметін 2023 жылдың 13 наурызға дейін абыроймен атқарып келді. Қазіргі уақытта зейнеткерлік демалыста.
2007 жылдың тамызында Жөлек сайлау оругінен ІҮ шақырылған, 2012 -2015 жылдары Талаптан сайлау округінен Ү шақырылған аудандық депутаты. «АМАNAT» халықтық демократиялық партиясы Шиелі аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі болған. Қызметінде қол жеткізген жетістіктері үшін Халықбек Сейтханұлы бірнеше рет облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен облыстық білім басқармасы мен аудандық білім бөлімінің құрмет рамотасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы». ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл төс белгісімен, Ы. Жахаевқа 120 жыл төс белгілерімен марапатталған. Отбасылы 4 ұл, 1 қыз 10 немере тәрбиелеп отыр.





