
Утаралиев Марат Егинбаевич
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы
Өмірбаян
Утаралиев Марат Егинбаевич 1970 жылы 18 қазанда Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Отрадное ауылында дүниеге келген.
1987 жылы Саратов облысындағы Жаңаөзендік зооветтехникумға «Зооветеринария» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 1993 жылы оқуды аяқтауына байланысты «Зооветтехник-ұйымдастырушы» біліктілігі берілді.
1994 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтына «Ветеринария» мамандығы бойынша оқуға түсіп «Мал дәрігері» біліктілігі берілді.
2017 жылы Батыс Қазақстан облысындағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетіне «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсіп «Құқық БАКАЛАВРЫ» біліктілігі берілді.
1989 жылы 19 мамырыда Қарулы Күштер қатарына шақыртылып, Тынық мұхит флотында қызмет атқарды, 1992 жылы «бас старшина» атағы берілді.
Еңбек жолын 1993 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласындағы «Железнодорожный» ветеринариялық бөлімінің меңгерушісі қызметінен бастаған.
1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Батыс аймақтық шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясының II санаттағы мал дәрігері.
04.06. 1999 – 03.11.1999 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Батыс аймақтық шекара және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясының бас маманы.
1993-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Батыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасының ветеринариялық-фитосанитариялық пунктінің жетекші маман – ветеринарлық инспекторы.
2003-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік – Батыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясының жетекші маманы.
2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік – Батыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясының жетекші маманы.
2007-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығ министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Орталық аппарат Астана қаласы және облыстар бойынша басқармасының Солтүстік – Батыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясының жетекші маманы.
2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Тасымалданатын объектілердің мемлекеттік ветеринариялық-саитариялық бақылау бөлімінің жетекші маманы.
2012-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және тасымалданатын объектілер бөлімінің жетекші маманы.
2016-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау комитетінің Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясының басшысы.
2020 жылғы 04 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.





