
Апетов Ерсултан Амантаевич
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясының басшысы
Өмірбаян
1974 жылы 15 тамызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Ветеринария» мамандығы бойынша бітірді.
Сонымен қатар, 2016 жылы «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтын «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1997 жылы Жаңақорған ауданында «Қожакент» өндірістік кооперативінің мал шаруашылығы маманы болып бастады.
1998 жылы «Зұлпыхар» шаруа қожалығының ветеринар маманы болып жұмыс жасады.
2000 жылы Жаңақорған ауданы Қожакент ауылдық округі әкімі аппаратының маманы-мемлекеттік мәлдәрігерлік инспектор қызметін атқарды.
2001 жылдан 2004 жылға дейін Жаңақорған аудандық ветеринариялық бекетінің, «Ветеринария и К» ЖШС мал дәрігері болып қызметтер атқарды
2004 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрігі Жанақорған аудандық аумақтық басқармасының Қожакент ауылдық округіне жетекші маман лауазымына мемлекеттік қызметке тағайындалды.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жанақорған аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық және асыл тұқым инспекциясы бөлімінің бастығы
2012 жылы ҚР АШМ құрылымы өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы лауазымына қайта тағайындалды.
2012 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясының басшысы қызметін атқарды.
2015 жылы Қызылорда облысының ветеринариялық бақылау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
2021 жылдан 2024 жылға дейін Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімінің орынбасары қызметінде болды.
2024 жылдың наурыз айында Қызылорда облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшының орынбасары қызметін атқарды.
2024 жылдың 8 қазанынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Кызылорда облыстық аумақтық инспекциясы басшысы қызметін атқарады.





