
Павленко Дмитрий Иванович
Қостанай қалалық мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Туған күні: 13.09.1971 ж.
Ұлты: орыс
Білімі: жоғары, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Мамандығы: тарих мұғалімі, тәрбие жұмысының әдіскері
Жұмыс орны, лауазымы: "Қостанай автомобиль көлігі колледжі" Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы директоры
Партиялылық: «AMANAT» партиясы
Электрондық пошта: [email protected]
Қостанай қаласының аумақтық сайлау комиссиясына ағымдағы жылдың 11 мамырында «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалының Саяси кеңесі бюросынан, атап айтқанда, № 3 бір мандатты сайлау округі бойынша сайланған «Дмитрий Иванович Павленконың партия мүшелігін тоқтату туралы» 2026 жылғы 8 мамырдағы отырыстың хаттамасынан үзіндісі құжаттар топтамасы келіп түсті.
Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату себебі партиядан шығару болып табылады. Дмитрий Иванович жаңа партияға кіргендіктен және бір уақытта екі партияның мүшесі бола алмайтындығынан, ол «AMANAT» партиясынан шығарылды.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 12 мамырында Қостанай қаласының аумақтық сайлау комиссиясы № 6 қаулы қабылдады және Қостанай қалалық мәслихатын Павленко Дмитрий Ивановичке қатысты депутаттық өкілеттіктердің тоқтатылғаны туралы материалдар жіберу арқылы хабардар етті.





