Махамбетова Альбина Сайдғалиқызы

    Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысы

    Махамбетова Альбина Сайдғалиқызы
    Руководитель аппарата

    Махамбетова Альбина Сайдғалиқызы

    Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысы

    Өмірбаян

    Махамбетова Альбина Сайдғалиқызы, 1971 жылы туған, Павлодар облысының тумасы.

    В.Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училищесін (1990 ж), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті «құқықтану» мамандығы бойынша (2002 ж.) бітірген.

    1990 - 2002 жылдары - Алматы қаласының білім беру ұйымдарында жұмыс істеді.

    2002 - 2024 жылдары - Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдар жүйесінде жұмыс атқарды.

    2024 жылдың қыркүйегінде ол лайықты демалысқа шықты.

    2024 жылғы қазаннан 2025 жылғы қыркүйекке дейін - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі

    2026 жылдың сәуір айынан - Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысы

    Аудан әкімі аппаратының басшысы

    Қамтамасыз стеді:

    - Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағында цифрландыру, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс салаларындағы мемлекеттік саясат пен өңірлік бағдарламалардың уақтылығы, сапасы мен толықтығы, сондай-ақ Целиноград ауданы әкімі аппаратының жұмыс істеуі;

    - Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының актілері мен тапсырмаларының, Ақмола облысы әкімінің, Ақмола облысы әкімдігінің, сондай-ақ Целиноград ауданы әкімінің актілері мен тапсырмаларының уақтылы, сапалы және толық орындалуы;

    - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің аппаратымен, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен және олардың аумақтық бөлімшелерімен, өзге де мемлекеттік органдармен және мекемелермен, сондай-ақ Ақмола облысының әкімдігімен өзара іс-қимыл жасау.

    Ұйымдастырады:

    - аудан экономикасының негізгі салаларына заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және енгізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету, сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету, жұмылдыру дайындығы мен аумақтық қорғанысты, құқықтық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс;

    - аппараттың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Целиноград ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қызметі.

    Үйлестіреді:

    - цифрландыру, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс, құқықтық тәртіп салаларындағы бағдарламалар мен кешенді іс-шараларды іске асыру бойынша ауданның аумақтық органдарының, ұйымдары мен қызметтерінің өзара іс-қимылы;

    - жүктелген өкілеттіктер шеңберінде квазимемлекеттік сектор ұйымдарымен, кәсіпкерлік субъектілерімен, Халықаралық және қоғамдық ұйымдармен, қорлармен, сондай-ақ басқа да кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау.

    Басшылықты жүзеге асырады:

    - Целиноград ауданы әкімі аппаратының оның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ цифрландыру, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс, құқықтық тәртіп салаларындағы міндеттерді іске асыратын құрылымдық бөлімшелері.

    Аумақтық консультативтік және үйлестіру кеңестерін, комиссияларды (жүктелген өкілеттіктер шеңберінде) басқарады.

    Өзге және / немесе қосымша функцияларды жүктеуге жол берілмейді.

    Жетекшілік ететін бағыттар бойынша қабылданатын шешімдер мен қызмет нәтижелері үшін дербес жауапты болады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері