
Тоқтамысов Дамир Сабырұлы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы
Өмірбаян
1985 жылы туған, білімі жоғары, 2008 жылы - С. Сейфуллин атындағы Аграрлық университетін «Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру» мамандығы бойынша, 2011 жылы - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша аяқтады.
2007 жылғы мамыр-маусым аралығында Ақмола облысы, "Ақмола-Феникс" АҚ механизаторы болып жұмыс істеді
2008 жылдың сәуір-қараша аралығында Астана қаласы, "Mitsubishi" бөлімшесінің "MERCURAUTO LTD " ЖШС автомеханигінің оқушысы болып жұмыс істеді
2008 жылғы қарашадан бастап 2015 жылғы желтоқсанға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінде Табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің жетекші маманынан бөлім басшысы лауазымына дейін көтерілді
2015 жылғы желтоқсаннан 2018 жылғы маусымға дейін - Сумен жабдықтау және су бұру саласындағы реттеу басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді
2018 жылғы маусымнан 2022 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жылу энергетикасы саласындағы реттеу басқармасының басшысы лауазымында жұмыс істеді
2022 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысы болып қызмет атқарады



