
Болатбаев Нұрлан Нұрмұхамбетұлы
Төрағаның орынбасары
Өмірбаян
Нұрлан Нұрмұхамбетұлы Болатбаев 1986 жылы дүниеге келген. 2008 жылы Қ. Жұбанов атындағы мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірді. 2010 жылы Қазақ-Орыс халықаралық университетін (ҚОХУ) «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты (2021-2022).
2008 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында жастар тәжірибесі бойынша мемлекеттік органдарда жұмысын бастаған.
2010-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық инспекциясының жетекші маманы болып жұмыс істеді.
2012-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде бас маманнан басшының орынбасарына дейін түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
2019 жылғы қарашадан бастап 2022 жылғы шілде аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.
2022 жылғы шілдеден бастап ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.


