Үсенбаев Нұржан Сейітханұлы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы

    Үсенбаев Нұржан Сейітханұлы
    Руководитель

    Үсенбаев Нұржан Сейітханұлы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы

    Өмірбаян

    1973 жылы 2 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Төмен Арық ауылында дүниеге келген.

    1996 жылы Алматы аграрлық университетін «Ветеринария» мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын 1996 жылы Жаңақорған аудандық ветеринариялық бекетінде мал дәрігері болып бастады.

    1999 жылы Оңтүстік аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау қызметінің Оңтүстік Қазақстан шекара маңы ветеринариялық бақылау бекетінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.

    2003 жылдан бастап 2005 жылға дейін ҚР АШМ Оңтүстік-Шығыс аймақтық басқармасының Шенгелді ветеринариялық-фитосанитариялық бекетінің бас маманы – мемлекеттік ветеринариялық инспектор қызметін атқарды.

    2005-2010 жылдар аралығында ҚР АШМ Оңтүстік-Шығыс аймақтық шекарасы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясының «Шымкент» ветеринариялық-фитосанитариялық бекетінің бөлім басшысы қызметін атқарды.

    2010 жылдан 2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашлығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясының тамақ өнімдері қауіпсіздігі және тасымалданатын объектілер бөлімінің бас маманы – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қызметінде болды.

    2012 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшы орынбасары қызметіне тағайындалды.

    2018 жылан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшы орынбасары қызметінде болды.

    2020 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы қызметін атқарды.

    2025 жылдың 20 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы қызметіне тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері