
Сыздық Болат Мүбәракұлы
Шиелі аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Сыздық Болат Мүбаракұлы 1961 жылы
10 наурызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген.
Білімі жоғары: 1982 жылы Шымкент педагогика институтын денешынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1982-1994 жылдары №45 қазақ орта мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастады;
1994-2001 жылдары №45 қазақ орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2001-2004 жылдары №157 қазақ орта мектебінің директоры;
2004-2011 жылдары №46 А.С. Пушкин атындағы қазақ орта мектебінің директоры;
2011-2017 жылдары №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінің директоры;
2017-2020 жылдары Шиелі ауданының мәслихат хатшысы;
2020-2022 жылдары «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы;
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы қызметін атқарып келеген.
Шиелі аудандық мәслихатының VІ-VІІ шақырылымдарының депутаты болған.
Отбасылы. 4 ұл, қыз және немерелер тәрбилеп отыр.





