Кайрекешева Орынша

    Аудандық маслихат аппаратының басшысы

    Кайрекешева Орынша
    Руководитель аппарата

    Кайрекешева Орынша

    Аудандық маслихат аппаратының басшысы

    Өмірбаян

    Кайрекешева Орынша - 1963 жылдың 21 қазанында Гурьев

    облысы Махамбет ауданы Сарытоғай селосында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1984 жылы Атырау педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы – физика пәнінің мұғалімі.

    Еңбек жолын 1984 жылы Махамбет орта мектебінде аға пионервожатый болып бастаған.

    1987-1992 жылдары аудандық Пионерлер үйінің директоры, Сарытоғай селолық кеңесінде ӘЕС бастығы болып жұмыс істеген.

    1992-2002 жылдары Сарытоғай селолық кеңесі төрағасының орынбасары, іс жүргізуші, Сарытоғай ауылдық округі әкімі аппаратында маман болып қызмет атқарған.

    2002-2004 жылдар аралығында Махамбет ауданы әкімі аппаратында жалпы бөлім бас маманы, бөлім басшысы, канцелярия-бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

    2005-2012 жылдары Сарытоғай селолық округінің әкімі лауазымында болды.

    2012-2016 жылдар аралығында Махамбет аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Ақтоғай ауылдық округінің әкімі қызметтерінде болды.

    2016 жылы «НұрОтан» партиясы аудандық филиалы төрағасының біріші орынбасары лауазымында болды.

    2017 жылы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Жалғансай ауылдық округінің әкімі қызметтерінде болды.

    2018 жылы Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы, Махамбет ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметінде болды.

    2019 жылдың шілде айынан бастап Махамбет аудандық мәслихаты аппаратының басшысы болып қызмет атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері