
Өмірбаян
Мажиев Кайыржан- 1960 жылдың 26 шілдесінде Гурьев облысы Гурьев қаласы Томарлы селосында дүниеге келген.
Жоғары білімді. 1982 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылығы институтын бітірген. Мамандығы – зооинженер.
Еңбек жолын 1982 жылы Гурьев ауылшаруашылық техникумында мұғалім болып бастаған.
1985-1992 жылдары «XXI – Партсьезд» атындағы совхозда техник- осеменатор, бас зоотехник-селекционер, бас зоотехник, зоотехник-селекционер болып қызмет атқарған.
1992-1994 жылдары «Алға» ұжымдық кәсіпорында зоотехник-селекционер, бригадир болып жұмыс жасаған.
1994-1995 жылдары «Мұра» өндірістік кооперативінде зоотехник-селекционер, кадр жөніндегі инспектор болып қызмет атқарған.
1995-1996 жылдары Алға селолық округі әкімінің аппаратында хатшы, маман, бас маман лауазымдарында болған.
2003-2007 жылдар аралығында Алға ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған.
2007-2010 жылдары Махамбет ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр және мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы болып қызмет атқарған.
2010-2013 жылдары Махамбет ауылдық округінің әкімі қызметінде болған.
2013-2017 жылдары Жалғансай ауылдық округінің әкімі қызметінде болған.
2017-2021 жылдары Бақсай ауылдық округінің әкімі қызметінде болған.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап аудандық маслихат төрағасы лауазымын атқарады.