
Омаров Әсет Тұрмаханұлы
Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Омаров Әсет Тұрмаханұлы 1978 жылы Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.
2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
2003 жылы - «АНК Даулет» ЖАҚ, маман;
2003-2007 жж. - Қармақшы ауданы бойынша салық комитетінің салықтық әкімшіліктендіру бөлімінің жетекші маманы;
2007-2008 жж. - Қармақшы ауданы бойынша салық комитетінің ұйымдастырушылық-құқықтық жұмыс және өндіріп алу бөлімінің бас маманы;
2008 жылы - Қармақшы ауданы бойынша салық комитетінің салықтық тіркеу, салық есептілігін қабылдау және өңдеу бөлімінің бас маманы;
2008-2009 жж. - Қармақшы ауданы бойынша салық басқармасының ақпараттық технологиялар және салық төлемгерлерімен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы;
2009-2010 жж. - Қармақшы ауданы бойынша салық басқармасының салықтық аудит бөлімінің бас маманы;
2010-2011 жж. - Қармақшы ауданы мәслихат аппаратының бақылау бөлімінің бас маманы;
2011 жылы - Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекші маманы;
2011-2012 жж. - Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының түсімдерді және активтерінің пайдаланылуын бақылау бөлімінің бас маманы;
2012-2013 жж. - Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының түсімдерді және активтерінің пайдаланылуын бақылау бөлімінің бас маманы-тексерушісі;
2013-2015 жж. - Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының түсімдерді және активтерінің пайдаланылуын бақылау бөлімінің бас бақылаушы-тексерушісі;
2015 жылы - Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының кірістерді бақылау бөлімінің бас маманы-бақылаушысы;
2015-2018 жж. - Қармақшы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы;
2018-2020 жж. - ІІІ Интернационал ауылдық округінің әкімі;
2020-2023 жж. - Қармақшы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы;
2023 жылдан бастап - Қармақшы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы;





