Патсаев Асылбек Мухтарұлы

    Жер қатынастары бөлімінің басшысы

    Патсаев Асылбек Мухтарұлы
    Руководитель отдела

    Патсаев Асылбек Мухтарұлы

    Жер қатынастары бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Патсаев Асылбек Мухтарұлы 1987 жылы 28-ші тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданында дүниеге келген. 2004 жылы Отырар ауданы, Темір ауылындағы «Темір орта» жалпы орта мектебін тәмамдаған. 2008 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы және 2019 жылы Халықаралық гуманитарлық техникалық университетін құқықтану бакалавры бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2009 жылы 1 сәуірінен бастап Кентау қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінде келісім-шарт негізінде оператор қызметін атқарған. 2010 жылы Кентау қалалық жер қатынастары бөлімінің жетекші маманы, 2013 жылы Кентау қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы, 2020 жылы Кентау қалалық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі болған.

    2021 жылы Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары, 2022 жылы Сауран ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі, 2022 жылы Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Бүгінгі күнге дейін Сауран ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері