Абдигапбаров Айдын Ғабитұлы

    Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы

    Абдигапбаров Айдын Ғабитұлы
    Руководитель отдела

    Абдигапбаров Айдын Ғабитұлы

    Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Абдигапбаров Айдын Ғабитұлы 1989 жылы 4 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Балтакөл ауылында дүниеге келген. Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін 2012 жылы Құрылыс мамандығын бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2009 жылы Кентау қаласындағы «Сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында техник қызметінен бастаған. 2009–2013 жылдары Түркістан қаласының «Құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде инспектор, бас маманның міндетін атқарушы және бас маман қызметтерін атқарған.

    2013–2019 жылдар аралығында Түркістан қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жауапты лауазымдарда еңбек еткен. Атап айтқанда, бас маман, сектор меңгерушісі, инженерлік жүйелер секторының меңгерушісі және бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

    2019–2021 жылдары Түркістан қаласының «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сектор меңгерушісі болып жұмыс істеген.

    2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Сауран ауданы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі мемлекеттік мекемесінде жылу, су, газ, энергетика, абаттандыру, көгалдандыру және коммуникация секторының меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Сонымен қатар, 2024 жылғы 15 желтоқсанға дейін Сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі міндетін қоса атқарған.

    Әскери борышын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында Жамбыл облысы, Отар станциясы, Гвардейск қалашығында орналасқан 82796 әскери бөлімінде өтеген.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері