
Кабикенов Еділ Дидарұлы
Мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы
Өмірбаян
1995 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. 2019 жылы Тұран-Астана университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қосшы ауылындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдарында бастаған. Кәсіптік мансабының бастапқы кезеңінде Целиноград ауданы Қосшы ауылдық округі Әкімі аппаратының жетекші маманы, кейін Құрылыс бөлімінің; Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. Кейіннен Ақмола облысы Қосшы қаласы Әкімінің аппараты Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру-бақылау жұмысы және талдау бөлімінің басшысы лауазымында жұмысын жалғастырды. Әр жылдары Қосшы қаласының Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің; Инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды. Кейін Ақмола облысы Ерейментау ауданы Әкімі аппаратының басшысы лауазымын атқарды. Бұдан әрі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жүйесінде кәсіби қызметін жалғастырды. Сауда комитетінің Бақылау басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы лауазымын атқаруда.
