
Жамағатов Рауан Қуанышбекұлы
Бөлiм басшысы
Өмірбаян
Жамағатов Рауан Қуанышбекұлы Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауданы, Екпін ауылында 1987 жылдың 18 қыркүйекте дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласындағы № 37 орта мектепті 2005 жылы аяқтаған. Алматы қаласының қазақ ұлттық аграрлық университетін 2012 жылы «Жерге орналастырушы» мамандығы бойынша бітірген. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2007-2013, 2018-2020 жылдары аралығында Алматы облысының Қапшағай қаласында «Алматы Жер ҒӨО Қапшағай қалалық жер кадастрлық бюросында» бас маман қызметін, 2013-2018 жылдар аралығында «Қапшағай Жер» ЖШС-де жерге орналастыру жұмыстары бойынша басшы қызметін атқарған. 2020 жылдың қараша айынан бастап Қапшағай қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінде басшы қызметін атқарды. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» ММ-ң басшысы қызметін атқаруда.





