Есжанова Айнаш Гариполлақызы

    Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

    Есжанова Айнаш Гариполлақызы
    Заместитель руководителя

    Есжанова Айнаш Гариполлақызы

    Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    1967 жылы 25 қаңтарда Гурьев облысы, Мақат ауданы, Доссор поселкесінде дүниеге келген. 1988 жылы «Статистика» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдаған.

    Еңбек жолын статистика саласында 1988 жылы күрделі құрылыс статистикасы бөлімінің қатардағы экономист лауазымынан бастап, 2008 жылға дейін түрлі салалық бөлімдерде экономист, жетекші экономист, бас маман, бөлім басшысы лауазымдарында қызмет еткен. 2008-2013 жылдары өнеркәсіп, құрылыс және инвестиция статистикасы бөлімінің, өндіріс статистикасы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2013-2014 Атырау облысының Статистика департаменті басшысының орынбасары, 2014 жылдың қараша айынан 2020 жылдың қараша айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған. 2020 жылдың 6 қарашасынан бастап күні бүгінге дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істейді.

    Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №362-ж бұйрығымен «Статистика үздігі» төс белгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 29 қарашадағы Жарлығы бойынша "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері