
Құмарғалиев Нұржан Жолдыбайұлы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті басшысы
Өмірбаян
1980 жылы 15 қарашада Гурьев облысы, Балықшы ауданы, Жаңаталап селосында дүниеге келген. 2002 жылы «Қаржы және несие» мамандығы бойынша Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік Университетін тәмамдап, «Экономист-қаржыгер» біліктілігін алған.
Еңбек жолын статистика саласында 2003 жылы «экономиканың аграрлы және индустриалды секторындағы жинақтау жұмыстары» бөлімінің маманы лауазымынан бастап, 2007 жылға дейін «жиынтық жұмыстар және публикациялық қызмет» бөлімінің жетекші маманы, «жиынтық жұмыстар және статистикалық ақпараттарды тарату» бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған. 2007-2008 жылдары Атырау облысы салық комитетінің Мұнай-газ секторы және ірі салық төлеушілер басқармасында «ірі салық төлеушілердің мониторингі және әкімшіліктендіру» бөлімінің бас маман-инспекторы қызметінде болған. 2008-2009 жылдары Атырау облысының Статистика департаментінің жиынтық жұмыстар және статистикалық ақпараттарды тарату бөлімінің бастығы лауазымында қызмет еткен. 2009-2014 жылдары Атырау облысының Статистика департаменті басшысының орынбасары, 2014 жылдың қараша айынан 2020 жылдың қараша айына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған. 2020 жылдың 6 қарашасынан 2021 жылдың 7 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басшы орынбасары лауазымында жұмыс істеді. 2021 жылдың 7 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басшы лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жауапты хатшысының 2015 жылғы 30 қазандағы №83-нқ бұйрығымен «Статистика үздігі» төс белгісімен марапатталған.




