
Магзамова Жанар Жоламановна
«ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары
Өмірбаян
Павлодар облысы Лебяжі ауданы Лебяжье ауылында 1973 жылы 3 қыркүйегінде дүниеге келген. 1995 жылы «Банк ісінің маманы» мамандығы бойынша Қарағанды есептеу-несиелік техникумды, 2001 жылы «Экономист-қаржыгер» мамандығы бойынша Қарағанды экономикалық университетін бітірді. Тұрмыста. 3 баланың анасы.
«Статистика үздігі» төс белгісімен марапатталған.
1995-1999 жж. статистика және талдау бойынша облыстық басқармасының өнеркәсіп, көлік және байланыс статистикасы бөлімінің экономисті.
2001-2004 жж. Павлодар облысының АСО, өнеркәсіп өндірісі, көлік және байланыс статистикасының ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің маманы.
2005-2007 жж. Павлодар облысының Статистика басқармасы, өндіріс статистикасы бөлімінің жетекші маманы.
2007-2009 жж. Павлодар облысының Статистика департаменті, өнеркәсіп статистикасы бөлімінің бас маманы.
2009-2011жж. Павлодар облысының Статистика департаменті, баға статистикасы бөлімінің бастығы.
2011 жылдан бастап Павлодар облысы статистика департаменті бастығының орынбасары.
2016-2020 жылдары Павлодар облысының Статистика департаментінің Құрылыс және инвестиция статистикасы басқармасының басшысы.
2021 жылғы мамырдан бастап – «ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары.

