
Жакенов Жақан Еламанұлы
«ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ басшысы
Өмірбаян
Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жосалы ауылында 1967 жылы 23 ақпанда туған. Қазақ. Үйленген. 3 баласы бар.
Алматы Экономика және статистика академиясын "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша бітірген.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің Құрмет грамотасымен, "Статистика үздігі" төс белгісімен, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерейтойлық медалімен, сондай-ақ "Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы шаруашылығы санағы"төс белгісімен марапатталған. "Нұр Отан" партиясының мүшесі.
1984-1985 жж. Екібастұз ААШБ слесарь, жүргізуші.
1985-1987 жж. кеңес армиясы қатарында қызмет етті.
1987-1994 жж. Екібастұз қаласының қалалықэлектр желісінің электромонтеры .
1994-1995 жж. Байет ауылдық округі әкімі аппаратының маманы.
1996-2003 жж. "Байтемір" шаруа қожалығының басшысы.
2003-2006 жж. Павлодар облысы статистика басқармасының Байет ауылдық округінің жетекші маманы.
2006-2010 жж. Павлодар облысының статистика департаменті Екібастұз қаласының статистика басқармасының бастығы.
2010-2021 жж. «ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ басшысының орынбасары.
2021 жылдың 23 сәуірінен бастап – «ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ басшысы.

