
Балқыбеков Болат Құрбанбекұлы
Басшының орынбасары
Өмірбаян
Балқыбеков Болат Құрбанбекұлы - 1969 жылы Ресей Федерациясы, Чита облысында дүниеге келген. Қазақ.
1992 жылы Кострома автокөлік техникумының «автомобиль жолдарын салу, пайдалану және жөндеу» мамандығы, 2001 жылы Алматы экономика және статистика институтының «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтады.
01.09.1986 - 28.02.1992жж. - Кострома автокөлік техникумының студенті.
02.07.1993 - 01.10.1993жж. - Оңтүстік Қазақстан облысының статистика және талдау жөніндегі басқармасының Сауда статистикасы бөлімінің экономисті.
01.10.1993- 01.04.1995жж. - Оңтүстік Қазақстан облысының статистика және талдау жөніндегі басқармасының Қызмет статистикасы бөлімінің экономисті, жетекші экономисті.
01.04.1995 - 05.01.1997жж. - Оңтүстік Қазақстан облысының статистика және талдау жөніндегі басқармасы Өнеркәсіпті өңдеу статистикасы бюросының меңгерушісі.
05.01.1997 - 05.11.2014жж. - Оңтүстік Қазақстан облысының статистика және талдау жөніндегі басқармасы Шымкент қалалық статистика бөлімінің бастығы.
05.11.2014 - 04.06.2017жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті Шымкент қаласының Статистика басқармасының басшысы.
05.06.2017 - 23.10.2018жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Түркістан облысының Статистика департаменті Төлеби ауданының Статистика басқармасының басшысы.
23.10.2018 - 05.11.2020жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Түркістан облысының Статистика департаменті басшысының орынбасары.
2020жылы 06 қарашадан бастап - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.
