
Өмірбаян
Күнтуғанова Гүлнара Темірболатқызы - 1968 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
1995 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Өнеркәсіпті жоспарлау» мамандығы бойынша аяқтады.
16.08.1985 - 29.02.1988жж. - Шымкент қалалық психиаторлық ауруханасының санитаркасы, технигі, медициналық статисті.
04.03.1988 - 29.07.1988жж. - Алматы халық шаруашылығы институтының студенті.
10.10.1988 - 18.09.1995жж. - Облыстық Агропромбанкі оперативтік басқармасының І санатты кассир-экспертшісі, несиелеуді ұйымдастыру секторының экономисті, қаржылық несиелеуді ұйымдастыру секторының маман қызметкері, несиелеуді ұйымдастыру бөлімінің экономист қызметкері.
19.09.1995 - 01.06.1997жж. - Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика және талдау жөніндегі бақармасының Статистикалық өнімдерді талдау бөлімінің экономисті, жетекші экономисті.
01.06.1997 - 04.01.2006жж. - Оңтүстік Қазақстан облысының Cтатистика бақармасының Өнеркәсіп және құрылыс статистикасы бөлімінің жетекші экономисті, жетекші маманы, бас маманы, бастығы.
04.01.2006 - 23.03.2006жж. - Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика басқармасы Тіркелімдер және координациялық статистикалық байқау бөлімінің бастығы.
23.03.2006 - 20.10.2009жж. - Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика басқармасы Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс және құжатайналым басқармасының бастығы.
20.10.2009 - 23.09.2018жж. - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс және әкімшілік жұмыс басқармасының басшысы.
24.09.2018 - 05.11.2020гг.- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Статистика департаменті басшысының орынбасары.
2020 жылдың 06 қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары.
2022 жылғы 5 шілдеден бастап - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросың Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы.
