Нұрбеков Рашид Маденұлы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы

    Нұрбеков Рашид Маденұлы
    Руководитель

    Нұрбеков Рашид Маденұлы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы

    Өмірбаян

    1966 жылы Павлодар облысы Қашыр ауданы Қашыр ауылында дүниеге келген.

    1991 жылы ветеринария мамандығы бойынша Семейдің зоотехникалық малдәрігерлік институтын бітірген.

    2006 жылы құқықтану мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

    2008 жылы мемлекеттік басқару мамандығы бойынша Еуразия Инновациялық университетін бітірген.

    2011 жылы агроном мамандығы бойынша Красноармейка аграрлы-техникалық колледжін бітірген.

    2022 жылы мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығы бойынша Торайғыров университетінде магистратураны бітірген.

    Еңбек жолын 1983 жылы Федоров совхозы №2 бөлімшесінің қойшысы болып бастаған.

    1984-1986 жылдары Совет Армиясы қатарында қызмет еткен.

    1991 жылы Қашыр совхозының шұжық цехының мал дәрігері болып жұмыс атқарған.

    1991-1997 жылдары «Качирский» біріккен ет өндейтін шағын кәсіпорынының мал дәрігері болып жұмыс атқарған.

    1997-1998 жылдары «Ивановский» өндіріс кооперативтің мал дәрігері болып жұмыс атқарған.

    1998-2000 жылдары «Дамир» АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс атқарған.

    2003-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Солтүстік-Батыс аймақтық шекарадағы және көліктегі мемлекеттік ветеринариялық бақылау инспекциясының Павлодар облысы бойынша басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс атқарған.

    2010-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының тасымалданатын объектілерді мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау бөлімінің бастығы болып жұмыс атқарған.

    2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының бастығының орынбасары болып жұмыс атқарған.

    2013-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып жұмыс атқарған.

    2021 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Успен аудандық аумақтық инспекциясының басшысы болып жұмыс атқарған.

    2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысының орынбасары болып жұмыс атқарған.

    2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып жұмыс атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері