
Искаков Азамат Куандыкович
Рудный қалалық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
Искаков Азамат Қуандықұлы, 1976 жылы 29 наурызда Қостанай облысы Қамысты ауданы Қамысты ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
1997 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген.
1998-2000 жылдары Қостанай облысы Қамысты ауданы Свободненский орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2005-2006 жылдары Қостанай облысы Жітіқара қаласы, «Жітіқара ауданының білім және спорт бөлімі» ММ әдіскер болып жұмыс істеді.
2006-2008 жылдары Қостанай облысы Жітіқара ауданы, Жітіқара ауданы әкімдігінің «Радио» МКҚК директорының міндетін атқарды.
2008 жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында Қостанай облысы Рудный қаласы, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудненский рабочий» қалалық газетінің редакциясы» МКК іске асыру жөніндегі менеджері болып жұмыс істеді.
2008-2015 жылдары Қостанай облысы Рудный қаласы, «Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінде бас маман, бөлім басшысы болып жұмыс істеді.
2015-2020 жылдары Қостанай облысы Рудный қаласы, Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.
2020-2021 жылдары Қостанай облысы Рудный қаласы, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы болып жұмыс істеді.
2021-2023 жылдары Қостанай облысы Рудный қаласы, Рудный қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылдың наурыз айынан бастап Рудный қалалық мәслихатының төрағасы.
