Рудный қаласының мәслихаты

    "Мәслихат туралы"

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) – халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейтін және оларды жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

    Мәслихат қызметінің тәртібін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Рсепубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының басқа да, заңнамалық актілерімен және мәслихат Регламентпен белгіленеді.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    Депутатардың 2023 жылғы сауалдары

    № Депутаттық сауалдыңкүні Депутаттың аты-жөні Адресат Сұраудың қысқаша мазмұны Жауаптар 1 17.05.2023г Искаков А. К. 17.05.2023ж. № 115 «Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ Қашар кентіндегі Өтегенкөл көлінің аумағын абаттандыру бойынша Түсіндірілді 2 10.04.2023г. Искаков А. К. 10.04.2023ж. № 53 Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ 18.07.2023ж. № 205 Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (қайта сұрау) Қаңғыбас (қаңғыбас) жануарларға арналған баспана салу бойынша Түсіндірілді 3 14.04.2023г. Искаков А.К. Рахметов Ж.Ж., Макаренко А.Г., Аленчик Е.А. 14.04.2023ж. № ЖТ-2023-00621031 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының полиция департаменті Рудный қаласының полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы С.М. Құрманов және М.С. Құрмановтың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы Түсіндірілді 4 15.06.2023г. Искаков А.К. 2023ж.15.06. №151 «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы Лифтіні емханада орнату қажеттілігі туралы Түсіндірілді 5 30.07.2023г Искаков А.К. 30.07.2023ж. № 216 Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Жануарлар үшін баспана салу бойынша Түсіндірілді 6 1.08.2023 Искаков А.К 1.08.2023 № 217 Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы; 1.08.2023 № 217 Рудный қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ Автовокзал,12 ауданын абаттандыру бойынша сұрау Оң шешілді 7 7.08.2023 Уразалин Р.К. 7.08.2023 АО ССГПО Жолдама беру туралы Оң шешілді 8 19.10.2023 Искаков А.К. 19.10.2023 № 313 Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Абаттандыруға бөлінген сомалар бойынша сұрау Түсіндірілді Азаматтарды 9 21.10.2023 Искаков А.К. 21.10.2023ж№ 314 Горняцк кентінің әкімі Түсіндірілді Азаматтарды Горняцк кентінде қабылдағаннан кейін сұрау. 1. Горняцк кентінде жаңа шамдарды орнатуға қаржы бөлу туралы бюджеттік өтініммен сметалық құжаттама дайыналсын және 2024 жылы бюджеттік комиссияға шығарылсын. 2. Горняцк кентінде асфальт төсеуге қаржы бөлу туралы бюджеттік өтініммен сметалық құжаттама дайындалсын және бюджеттік комиссияға шығарылсын. 3. Рудный қаласы әкімдігінің «Горняцк кенті әкімінің аппараты» ММ балансында тұрған бұрынғы монша ғимаратының жер учаскесіне құқықты ресімдеу және учаскені аукционға қою қажет. 4. Бұрынғы монша ғимаратының терезе ойықтары мен есіктерін салуға қаржы бөлу туралы бюджеттік өтініммен сметалық құжаттама дайындалсын және бюджеттік комиссияға шығарылсын. Оң шешілді 10 21.10.2023 Искаков А.К. 21.10.2023ж№ 315 Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Азаматтарды Горняцк кентінде қабылдағаннан кейін сұрау. Горняцк кентіндегі жылу желілерінің құбырларын ауыстыру бойынша әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманы іске асыру үшін қаржыландырудың бөлінуі туралы; Горняцк кентіндегі ТКШ бөлімінің жалға берілетін коммуналдық үйлерінде тұратын азаматтардың саны туралы, оның ішінде коммуналдық ұйымдардағы борыш сомалары бойынша бөлінген коммуналдық қызметтер үшін борыштары бар азаматтар туралы; ТКШ бөлімінің коммуналдық төлемдерді, оның ішінде ПИТК төлемегені үшін, жалға берілетін коммуналдық тұрғын үйден шығаруға құқығы бар ма Түсіндірілді 11 13.09.2023 Искаков А.К. 13.09.2023 № 291 Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы; 50 лет Октября к-сі, 11 абаттандыру бойынша сұрау Түсіндірілді 13.09.2023 Искаков А.К. 13.09.2023 № 292 Рудный қаласының полиция бөлімі 50 лет Октября к-сі, 11 абаттандыру бойынша сұрау Түсіндірілді

    Жарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы» Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

    «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылысбөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы» Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы» Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы жобасын әзірледі. Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді. Қаулы жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

    Жарияланды:
    НҚА жобасы

    Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылысбөлімі» мемлекеттік мекемесінежер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабы 1-тармағы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, өтініш негізінде Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Рудный қаласы, 11 шағынаудан мекенжайы бойында «Рудный қаласы, 11 шағындаудан мекенжайы бойында стадион салу» жобасы үшін кірме жолдарды салу мақсатында көлемі 0,0394 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Рудный қаласының әкімі В. Ионенко

    Жарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    «Рудный қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 237 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне қауымдық сервитутын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

    «Рудный қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 237 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне қауымдық сервитутын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы»Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ «Рудный қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 237 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне қауымдық сервитутын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы жобасын әзірледі. Қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді. Қаулы жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды. Қаулының жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналастыруға жатпайды.

    Жарияланды:
    НҚА жобасы

    Рудный қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 237 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне қауымдық сервитутын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Рудный қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 237«Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне қауымдық сервитутын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Рудный қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 237 «Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер учаскесіне қауымдық сервитутын белгілеу туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-тармағында: «Рудный қаласы үшін» деген сөздерден кейін «жобасы» деген сөз «объектісі» деген сөзбен ауыстырылсын; «көлемі 0,6467 га» деген сөздер мен сандардан кейін «салу мақсатында» деген сөздер «қызмет көрсету және пайдалану үшін» деген сөздермен ауыстырылсын және әрі қарай мәтін бойынша. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді. Рудный қаласының әкімі В. Ионенко

    Жарияланды:
    Хаттама

    сессия хаттамасы 9.10.2024

    Рудный қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы Қатысқандар: 10 депутат, шақырылған адамдар (тізім қоса берілді). ОТЫРЫСТЫ АШТЫ: Кондрашина Светлана Александровна, Рудный қалалық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы. Құрметті депутаттар! Сессиямыздың ашылуына дейін отырысты өткізу тілін анықтауды ұсынамын. Сессияны орыс тілінде жүргізу туралы ұсыныс бар. Дауыс беруді сұраймын. Бірауыздан «қолдап» дауыс берді. Рудный қалалық мәслихатының төрағасы Азамат Куандыкович Искаковтың еңбек демалысында болуына байланысты, ол болмаған кезеңде мен, Светлана Александровна Кондрашина, сегізінші шақырылымның бүкіл мерзіміне Рудный қалалық мәслихаты төрағасының уақытша өкілеттігін жүзеге асырушы болып сайландым. Қалалық мәслихаттың сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясында 13 депутаттан 6-уы қатысып отыр және 4 депутат ZOOM бейнеконференция режимінде қатысып отыр, сессия өз жұмысын бастауға құқылы. Сессия жұмысына Рудный қаласы әкімінің орынбасарлары, Горняцк және Қашар кенттерінің әкімдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысып отыр. Рудный қалалық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясын ашық деп жариялаймын. Сессия отырысының онлайн көрсетілімі жүргізіліп жатқанын естеріңізге саламын. Бізге қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының жұмыс регламентін анықтау қажет. Келесі жұмыс регламентін ұсынамын: сессия үзіліссіз, бір отырыспен өткізілсін; күн тәртібінің сұрақтары үшін – 3 минутке дейін; басқа сөз сөйлеулер, анықтамалар, түсініктемелер, өтініштер мен хабарламалар үшін – 2 минутке дейін берілсін; шешім ашық дауыспен қабылдансын; дауыс беруді ұйымдастыру және дауыстарды санауды, сессияда төрағалық етуші Рудный қалалық мәслихаты төрағасының уақытша өкілеттігін жүзеге асырушыға жүргізуді ұсынамын. Дауыс беруді сұраймын. Бірауыздан «қолдап» дауыс берді. С. Кондрашина Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекітуді ұсынамын. Әкімдердің ұсынысы және Рудный қалалық мәслихаты депутаттарының бастамасы бойынша күн тәртібіне мына мәселелерді енгізуді ұсынамын: Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы. Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын. Бірауыздан «қолдап» дауыс берді. Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 257 «Рудный қаласының 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын. Бірауыздан «қолдап» дауыс берді. Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 190 «Бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша Рудный қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын. Бірауыздан «қолдап» дауыс берді. Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 88 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын. Бірауыздан «қолдап» дауыс берді. Шешім қоса берілді. С. Кондрашина Бірінші мәселе «Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекіту туралы». Баяндамашы: Раймбекова Мадина Қажмұханқызы, Қашар кентінің әкімі. М.Раймбекова Баяндайды (баяндама қоса берілді). С. Кондрашина Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма? Сұрақтар қойылған жоқ. С. Кондрашина Бұл мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қарады. Қостанай облысы Рудный қаласының Қашар кентінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін шағын аудандар, көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін бекітуді ұсынамын. Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын. Бірауыздан «қолдап» дауыс берді. Шешім қоса берілді. С. Кондрашина «Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 257 «Рудный қаласының 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша сөз Рудный қаласы әкімінің орынбасары Талғат Сапабекұлы Сақтағановқа беріледі. Т. Сақтағанов Баяндайды (баяндама қоса берілді). С. Кондрашина Депутаттардың баяндамашыға қояр сұрақтары бар ма? Сұрақтар қойылған жоқ. С. Кондрашина Бұл мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қарады. Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 257 «Рудный қаласының 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджеті туралы» шешіміне тиісті өзгерістер енгізуді ұсынамын. Кім осы ұсынысты қолдайды, дауыс беруді сұраймын. Бірауыздан «қолдап» дауыс берді. Шешім қоса берілді. С. Кондрашина Келесі мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №190 «Бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша Рудный қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы». Рудный қалалық сайлау комиссиясының қаулысымен округтік сайлау комиссияларының құрамынан комиссия мүшелері өздерінің жеке өтініштері негізінде 5 округтік сайлау комиссиясынан 9 адам шығарылды. Осылайша сайлау комиссияларындағы пайда болған бос орындарды толықтыру қажеттілігі туындады. Жұмысты сайлау құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша комиссия жүзеге асырды, осыған байланысты бос орындарға орналасу конкурсы туралы тиісті хабарлама орналастырылды. Барлық бос орындарға орналасуға «ӘДІЛЕТ», «АҚ ЖОЛ», «АУЫЛ», «ҚХП» партияларынан ұсыныстар келіп түсті. Ұсынылған кандидаттар сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Партиялардан келіп түскен ұсыныстар негізінде мәслихат сессиясында шығып қалғандардың орнына округтік сайлау комиссияларының құрамына жаңа мүшелерді сайлау қажет. Бұл мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қарады. Баламалардың жоқтығын ескере отырып, ұсынылған шешім жобасына сәйкес тізім бойынша ашық дауыс беруді ұсынамын. Кім шығып қалғандардың орнына окруктік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған кандидатураларды сайлауды және енгізуді қолдайды, дауыс беруді сұраймын. Бірауыздан «қолдап» дауыс берді. Шешім қоса берілді. С. Кондрашина Келесі мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 87 «Рудный қалалық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы». Рудный қалалық сайлау комиссиясының қаулысымен учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан комиссия мүшелері өздерінің жеке өтініштері негізінде 19 учаскелік сайлау комиссиясынан 22 адам шығарылды. Осылайша учаскелік сайлау комиссияларындағы пайда болған бос орындарды толықтыру қажеттілігі туындады. Жұмысты сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша комиссия жүзеге асырды, осыған байланысты бос орындарға орналасу конкурсы туралы тиісті хабарлама орналастырылды. Барлық бос орындарға орналасуға «ӘДІЛЕТ», «АУЫЛ», «АҚ ЖОЛ», «Байтақ» Қазақстанның жасылдар партиясы», «ҚХП», «ЖСДП», «RESPUBLIKA», партияларынан, «Ардагерлер ұйымы» және «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестіктерінен ұсыныстар келіп түсті. Ұсынылған кандидаттар учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын талаптарға сәйкес келеді. Партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден келіп түскен ұсыныстар негізінде мәслихат сессиясында шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының құрамына жаңа мүшелерді сайлау қажет. Бұл мәселені депутаттар мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында қарады. Баламалардың жоқтығын ескере отырып, ұсынылған шешім жобасына сәйкес тізім бойынша ашық дауыс беруді ұсынамын. Кім шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылған кандидатураларды сайлауды және енгізуді қолдайды, дауыс беруді сұраймын. Бірауыздан «қолдап» дауыс берді. Шешім қоса берілді. С. Кондрашина Осымен Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының күн тәртібі тәмамдалды. Депутаттардың ұсыныстары, толықтырулары бар ма? Ұсыныстар түскен жоқ. Рудный қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясын жабық деп жариялаймын. Рудный қалалық мәслихаты төрағасының өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы С. Кондрашина Жазбаны жүргізген Н. Додрова

    Жарияланды: