Абдукаримов Бегзат Оразбаевич

    Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы

    Абдукаримов Бегзат Оразбаевич
    Басшы

    Абдукаримов Бегзат Оразбаевич

    Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    Жалпы мәлімет, білім:

    Туған жылы: 1972 жыл
    Туған жері: Түркістан облысы
    Ұлты: қазақ

    Білімі:

    - 1990 ж. — Шымкент кооперативтік техникумы, мамандығы: бухгалтер
    -1994 ж. — Алматы автомобильно-жол институты, мамандығы: автомобиль жолдарының құрылысы
    -2001 ж. — Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университеті, мамандығы: қаржыгер

    Еңбек қызметі кезеңі:

    09.07.1990 – 29.12.1992 жж. аралығында Сайрам ауданы «Қызыл-Кишлак» СРК-да экономист болып жұмыс істедім.

    Сайрам аудандық әскери комиссариатының жолдамасы бойынша әскери қызметке шақырылып, 1990 жылдың желтоқсанынан 1992 жылдың қараша айына дейін Кеңес Одағы Қарулы Күштерінің әуе қорғаныс бөлімшесінде «старшина» шенінде әскери қызмет атқардым.

    06.01.1993 – 23.03.1993 жж. аралығында Сайрам ауданы бойынша салық инспекциясының жеке тұлғаларға салық салу бөлімінің 1-санатты маманы.

    23.03.1993 – 01.09.1993 жж. аралығында Сайрам ауданы бойынша салық инспекциясының жеке тұлғаларға салық салу бөлімінде есеп жүргізу бойынша аға салық инспекторы.

    01.09.1993 – 02.03.1994 жж. аралығында Сайрам ауданы бойынша салық инспекциясының жанама салықтар бөлімінің аға салық инспекторы.

    02.03.1994 – 08.09.1998 жж. аралығында Шымкент қаласы бойынша салық инспекциясының жанама салықтар бөлімінің аға инспекторы.

    09.09.1998 – 18.05.1999 жж. аралығында салық аудиті бөлімінің бас салық инспекторы.

    19.05.1999 – 03.04.2000 жж. аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің аудит және өндіріп алу басқармасының сыртқы аудит бөлімінің бас салық инспекторы.

    04.04.2000 – 11.05.2002 жж. аралығында заңды тұлғаларға салық салу бөлімінің бас маманы – бас салық инспекторы.

    12.05.2002 – 04.06.2002 жж. аралығында аудит басқармасының жеке тұлғалар аудиті бөлімінің бас маманы – бас салық инспекторы.

    07.06.2002 – 05.10.2004 жж. аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы органдарында қызмет атқардым.

    08.10.2004 – 20.02.2005 жж. аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің аудит басқармасының жетекші маманы.

    21.02.2005 – 28.02.2007 жж. аралығында аудит басқармасының бас маманы.

    01.03.2007 – 16.04.2008 жж. аралығында Шымкент қаласы бойынша салық комитетінің жеке кәсіпкерлер бойынша ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің бастығы.

    17.04.2008 – 14.10.2008 жж. аралығында арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер аудиті бөлімінің бастығы.

    15.10.2008 – 24.11.2009 жж. аралығында заңды тұлғалар аудиті бөлімінің бас маманы.

    25.11.2009 – 25.04.2011 жж. аралығында Абай ауданы бойынша салық басқармасының заңды тұлғалар салық аудиті бөлімінің бастығы.

    26.04.2011 – 09.11.2014 жж. аралығында Сарыағаш ауданы бойынша салық басқармасының басшысы.

    10.11.2014 – 30.05.2017 жж. аралығында Қазығұрт ауданы бойынша салық басқармасының басшысы.

    31.05.2017 – 02.09.2018 жж. аралығында Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары.

    03.09.2018 – 17.08.2020 жж. аралығында Сайрам ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.

    18.08.2020 – 11.01.2023 жж. аралығында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының мемлекеттік қызмет көрсетулерді дамыту және сапасын бақылау бөлімінің басшысы.

    12.01.2023 – 04.03.2025 жж. аралығында жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы.

    05.03.2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері