
Омарова Жаңылсын Бағытжанқызы
Әулиекөл ауданы мәслихатының аппарат басшысы
Өмірбаян
Омарова Ж.Б., 22.08.1966 жылы туған. Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылы, Е. Асанбаев көшесі, 45/1 үйде тұрады. Білімі-жоғары. 1989 жылы КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтын, "Шет тілдері" факультетін "Неміс және француз тілдерінің мұғалімі " мамандығы бойынша бітірген.
Педагогикалық өтілі-12 жыл.
Мемлекеттік қызмет өтілі-19 жыл 4 ай.
Еңбек жолын 10.09.1983 жылы Қостанай облысы Семиозерный ауданы, Қазанбас совхозының № бөлімшесінде бастады.
1989 жылдан бастап Калинин негізгі мектебінде неміс тілі мұғалімі болып жұмыс істеді. 2002-2019 жылдары "Әулиекөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" ММ жетекші, бас маман және бөлім басшысы болып жұмыс істеді. 2021 жылдың 5 сәуірінен бастап "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" ММ Әулиекөл ауданының Қоғамдық кеңесінің хатшысы болды.
2022 жылдың 2 ақпанында "Әулиекөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ үйде әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2024 жылдың 1 ақпанынан бастап "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" ММ ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы болып қабылданды.
2024 жылдың 1 сәуірінен бастап "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" ММ ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
2026 жылдың 2 ақпанынан бастап "Әулиекөл аудандық мәслихатының аппараты" ММ аппарат басшысы болып тағайындалды.

