
Калиева Жанар Егинбаевна
Шемонаиха аудандық мәслихатының аппарат басшысы
Өмірбаян
Жанар Егинбаевна Калиева Талдықорған қаласында 1968 жылы 8 тамызда дүниеге келді. Білімі жоғары, құқықтану (юриспруденция), Қарағанды мемлекеттік университетін бітірді.
Еңбек жолын 1991 жылы Семей облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасының екінші санатты маманы болып бастады. 1992 – 1997 жылдар аралығында халықты әлеуметтік қорғау басқармасында аға маман, 1 санатты маман болды. 1997 – 2004 жылдар аралығында заңгер, әлеуметтік қызметкер болды. 2004 жылдан 2009 жылдар аралығында Шемонаиха аудандық әділет басқармасының маманы, жетекші маманы болды, 2009 – 2016 жылдар аралығында Шемонаиха аудандық мәслихатының ұйымдастыру - кадрлық және құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2016 жылдың мамырынан бастап Шемонаиха аудандық мәслихатының аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.
