Шемонаиха ауданының маслихаты

    Мәслихат туралы

    Мәслихаттардың құзыретiне:

    - тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан әкімдері (қаладағы әрбір аудан бойынша жеке-жеке) іске асыратын бюджеттік бағдарламаларды бекіту;
    - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту;

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Шешім

    2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/2-VIII «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    VIII шақырылған ШЫFЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ШЕМОНАИХА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ XLIXСЕССИЯСЫ Ш Е Ш I М XLIXСЕССИЯ ШЕМОНАИХИНСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА ВОСТОЧНО - КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИVIII созыва Р Е Ш Е Н И Е 2026 жылғы 4 тамыз Шемонаиха қаласы № 49/3 -VIII город Шемонаиха 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/2-VIII «Аумақтықжәне учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Шемонаиха аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/2-VIII «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: 1) «№ 1088 Шемонаиха учаскелік сайлау комиссиясының құрамы» көрсетілген шешімінің 5-қосымшасында № 1088 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып сайлансын: Асия Абдрахмановна Габдуллина – «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысының филиалынан; 2) «№ 1095 Шемонаиха учаскелік сайлау комиссиясының құрамы» көрсетілген шешімінің 9-қосымшасында № 1095 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып сайлансын: Оксана Николаевна Смольникова –«Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Білім беру қызметкерлерінің Шемонаиха аудандық кәсіподақ ұйымынан; 3) «№ 1124 Шемонаиха учаскелік сайлау комиссиясының құрамы» көрсетілген шешімінің 29-қосымшасында № 1124 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып сайлансын: Анар Коксегеновна Байкожаева – «Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалынан; 4) «№ 1130 Шемонаиха учаскелік сайлау комиссиясының құрамы» көрсетілген шешімінің 30-қосымшасында № 1130 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып сайлансын: Вероника Сергеевна Тинина – «Ауыл» партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалынан; Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасы Г. Акулов

    Жарияланды:
    Шешім

    Шемонаиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 42/2-VIII «2026-2028 жылдарға арналған Шемонаиха ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жарияланды:
    Шешім

    2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/2-VIII «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    III шақырылған ШЫFЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ШЕМОНАИХА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ XLVIIСЕССИЯСЫ Ш Е Ш I М XLVII СЕССИЯ ШЕМОНАИХИНСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА ВОСТОЧНО - КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИVIII созыва Р Е Ш Е Н И Е 2026 жылғы 24 маусым Шемонаиха қаласы №47/6-VIII город Шемонаиха 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/2-VIII «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/2-VIII шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін: 1) «№ 1082 Шемонаиха учаскелік сайлау комиссиясының құрамы» көрсетілген шешімінің 2-қосымшасында № 1082 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып сайлансын: Мадияр Сайлаубекұлы Сайлаубеков – «Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалынан»; 2) «№ 1086 Шемонаиха учаскелік сайлау комиссиясының құрамы» көрсетілген шешімінің 4-қосымшасында № 1086 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері болып сайлансын: Динара Сериковна Наниманова – «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысының филиалынан; Алла Александровна Сотникова – «Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалынан»; 3) «№ 1106 Шемонаиха учаскелік сайлау комиссиясының құрамы» көрсетілген шешімінің 16-қосымшасында № 1106 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып сайлансын: Анастасия Александровна Бесова – «Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалынан»; 4) «№ 1112 Шемонаиха учаскелік сайлау комиссиясының құрамы» көрсетілген шешімінің 19-қосымшасында № 1112 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып сайлансын: Ирина Вадимовна Козлова – «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысының филиалынан; 5) «№ 1113 Шемонаиха учаскелік сайлау комиссиясының құрамы» көрсетілген шешімінің 20-қосымшасында № 1113 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып сайлансын: Ольга Борисовна Клат – «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалынан; 6) «№ 1119 Шемонаиха учаскелік сайлау комиссиясының құрамы» көрсетілген шешімінің 25-қосымшасында № 1119 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып сайлансын: Наталья Борисовна Горбатова – «Ауыл» партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік филиалынан»; 7) «№ 1132 Шемонаиха учаскелік сайлау комиссиясының құрамы» көрсетілген шешімінің 31-қосымшасында № 1132 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып сайлансын: Елена Геннадьевна Клюянова – «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысының филиалынан; Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасы Г. Акулов

    Жарияланды:
    Шешім

    Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 21/6-VIІІ «Шемонаиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Шемонаихааудандық мәслихатының2024жылғы25 қыркүйектегі №21/6-VIІІ «Шемонаихаауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетуқағидаларымен мөлшерін бекіту туралы»шешіміне өзгеріс енгізу туралы Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 21/6-VIІІ «Шемонаиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9083-16 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасы Г. Акулов Шемонаиха аудандық мәслихатының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 47/-VIII шешіміне қосымша Шемонаихаауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетуқағидалары мен мөлшері 1 тарау. Жалпы ережелер Осы Қағидалар «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Шемонаиха ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ағымдағы шот - банктік шот шарты негізінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ашатын банктік шот; 2) коммуналдық көрсетілетін қызметтер - тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкетуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган – «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) жүзеге асырады. 2 тарау. Мамандарға бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдер (бұдан әрі - тізім) негізінде мамандардан өтініштер талап етілмей, екінші деңгейдегі банктер, қаржы нарығын және қаржы операцияларын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері арқылы мамандардың ағымдағы шоттарына аудару арқылы ақшалай нысанда мемлекеттік ұйымдардың мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Мамандарға әлеуметтік қолдау күнтізбелік жылда бір рет 10,1734 (он бүтін он мыңнан бір мың жеті жүз отыз төрт) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі. Әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру Шемонаиха ауданының бюджетінде ағымдағы қаржы жылына көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу жөніндегі мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі тізім түскен күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды. ММ қызметкері мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының тізімдерін 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде қарайды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74-баптарына сәйкес мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары ұсынған тізімдер сәйкес келмеген жағдайда, ММ алдын ала шешім туралы, әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) туралы мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын хабардар етеді. Тізімдерді қарау нәтижелері бойынша ескертулер болмаған кезде ММ оң шешім қабылдайды және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және мамандардың ағымдағы шоттарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау төлемін көрсетеді.

    Жарияланды: