
Өмірбаян
Бабайбеков Қанат Амангелдіұлы 1975 жылы туған, Қарқаралы ауданының тумасы. Білімі жоғары. 1997 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Біліктілігі бойынша – әлеуметтік педагог, практикалық психолог.
Еңбек жолын 1998 жылы Қарқаралы қаласының №2 ЖОМ мектеп психологы болып бастаған.
2003 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. 2006 жылға дейін аудандық Мәслихат аппаратында бас маман болып жұмыс істеді, 2011 жылға дейін Қарқаралы қаласы әкімі аппаратында ТКШ бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
2011 жылдың шілде айында «Қарқаралы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры болып тағайындалды, осы күнге дейін сол жерде қызмет атқаруда.




