
Аширжанов Қуандық Тойғанбекұлы
Аким Талдынского сельского округа
Өмірбаян
Аширжанов Қуандық Тойғанбекұлы 24 қазан 1977 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Талды ауылдық округі, Лесновка ауылында дүниеге келді. 1984 жылы Лесновка ауылының Дәнеш Рақышов атындағы орта мектебінің 1 сыныбына барып, аталған мектепті 1994 жылы аяқтады. 1994 жылы Талдықорған заң колледжіне түсіп, 1996 жылы бітірді. 1998 жылы Алматы қаласындағы Экономика және құқық университетіне түсіп, 2001 жылы заң қызметкер біліктілігімен аяқтады.
2007 жылы 02 шілде айында Тексеру қорытындысы шыққанға дейін Талды ауылдық округі әкімінің аппаратында жетекші маман болып уақытша қызмет атқарды. 2007 жылдың 28 қазан айында арнайы тексерудің нәтижесі бойынша Талды ауылдық округі әкімінің аппаратында жетекші маман болып тұрақты қызмет атқарды. 2008 жылдың 04 ақпан айынан басқа жұмысқа ауыстырылуына орай ауыстыру тәртібіммен жұмыстан босатылды. 2008 жылдың 06 ақапн айында Алматы облысы Әділет департаментінің Панфилов аудандық әділет басқармасының жетекші маман қызметіне тағайындалды. 2008 жылдың 01 тамыз айында ауыстыру тәртібімен Ұйғыр ауданының әділет басқармасының жетекші маман қызметіне тағайындалды. 2011 жылдың 10 қаңтар айында ауыстыру тәртібімен Алматы облысы әділет департаментінің Ұйғыр ауданында әділет басқармасының жетекші маманының бала күтімі бойынша демалысқа кетуі негізінде орнына жетекші маман қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасының қызмет туралы заңының 12 бабы 2 тармағына сәйкес ауыстыру тәртібімен жұмыстан босатылды. 2011 жылдың 10 қаңтар айында ауыстыру тәртібімен Панфилов ауданы бойынша Салық басқармасының құқықтық ұйымдастыру жұмысы және мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 2015 жылдың 06 сәуір- 16 қыркүйек 2024 жыл аралығында «Панфилов ауданының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымында жұмыс атқарды. 04.07.2023 жылдан «Панфилов ауданының Мансап орталығы» филиалының басшысы болып тағайындалды Қазіргі таңда осы мекемеде басшы қызметін атқаруда. Қазіргі уақытта Талды ауылдық округінің әкімі болып сайланды.





