
Өмірбаян
Тұрғанов Батыржан Қожабайұлы - 1992 жылы Т. Көмекбаев ауылында дүниеге келген.
2013 жылы Алматы қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде «Металлургия» мамандығы бойынша білім алған. 2018 жылы Қарағанды Экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2014 - 2017 ж.ж - «Қармақшы ауданы әкімі аппаратының» инспекторы;
2017 - 2018 ж.ж – «Ақай ауылдық округ әкімі аппаратының» жетекші маманы;
2018 - 2025 ж.ж – «Ақай ауылдық округі әкімі аппаратының» бас маманы;
2025 жылдан бастап - Ақай ауылдық округінің әкімі.





