
Ильязова Татьяна Ивановна
Новодолинский кенті әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Ильязова Татьяна Ивановна 1968 жылы 13 наурызда Ресейде Кемерово облысының Березовский қаласында дүниеге келген.
2007 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, жоғары білім алды.
Еңбек жолын 1987 жылы Новодолинский кентіндегі «Росинка» бала бақшасында тәрбиеші болып бастады.
2003 жылдан бастап 2004 жылдар аралығында АК 159/20 Қарағанды облысы ҚаЖКБ-де кеңсе инспекторы, кадр тобының инспекторы болып жұмыс істеді.
2009 жылдан бастап 2012 жылдар аралығында «Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ күзетшісі болып жұмыс істеді.
2010-2011 жылдар аралығында заңгер болып «Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ қосымша жұмыс істеді.
2012-2013 жылдар аралығында «Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ энергетик болып жұмыс істеді.
2013 жылдан бастап қазіргі лауазымға тағайындалғанға дейін «Новодолинский кенті әкімінің аппараты» ММ бас маманы лауазымын атқарды.
