
Өмірбаян
Ерсін Сыздықұлы Исатаев 1981 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ селосында дүниеге келді. 2004 жылы «Көтергіш, көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін аяқтады.
Еңбек жолын 2004 жылы «Нұрхан» ЖШС жүргізуші ретінде бастады. 2006 жылы «Ассоциация Нұрхан» ЖШС механигі болып жұмыс істеді. Содан кейін «Көркейту» ҚМК механигі болған.
2007-2009 жылдар аралығында «Союз» ЖШС, «Шаруашылық басқармасы-2006» ЖШС, «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ жүргізуші болып жұмыс істеді.
2009 жылдан бастап 2011 жылға дейін «Шахтинск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы лауазымын атқарды.
2011 жылдың 7 ақпанынан бастап «Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы болды. Содан кейін «Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ сектор меңгерушісі болып қызмет етті.
2013 жылы «Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды.
2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін «Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тұрғын үй қоры секторының меңгерушісі болып қызмет етті.
2019 жылдың 26 наурыздан бастап қазіргі лауазымға тағайындалғанға дейін «Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
2019 жылғы наурыз айынан 2020 жылғы сәуір айына дейін «Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
2020 жылғы 13 сәуірден бастап қазіргі таңға дейін «Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы лауазымын атқарды.
2021 жылғы 27 шілдеде Новодолинский кентінің әкімі болып тағайындалды.
