Ташимов Абзал Қамбарұлы

    Арқалық қаласы әкімінің ауыл шаруашылығы сұрақтары бойынша орынбасары

    Ташимов Абзал Қамбарұлы
    Заместитель акима

    Ташимов Абзал Қамбарұлы

    Арқалық қаласы әкімінің ауыл шаруашылығы сұрақтары бойынша орынбасары

    Өмірбаян

    Ташимов Абзал Қамбарұлы 1976 жылы 15 қазанда Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын "Бухгалтерлік есеп бойынша Экономист"мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 1997 жылы Амангелді ауданы бойынша салық инспекциясының есеп жөніндегі салық инспекторы болып бастады. 1998 жылдан бастап "Қазақстан Халық Банкі" ААҚ Амангелді ауданы бойынша филиалының менеджері болып жұмыс істеді. 1998-2000 жылдары Амангелді ауданы бойынша "Қазақстан Халық Банкі" ААҚ филиалының аға экономисі. 2000-2001 жылдары Амангелді ауданы бойынша "Қазақстан Халық Банкі" ААҚ Ақпараттық технологиялар жөніндегі инспекторы. 2001-2003 жылдары "Қазақстан Халық Банкі" ААҚ Амангелді ауданы бойынша филиалының басқарушысы.
    2003-2006 жылдар аралығында Амангелді ауданы бойынша "Қазақстан Халық Банкі" ААҚ филиалының басқарушысы. 2006 жылдан 2008 жылға дейін "Қазақстан Халық Банкі"ААҚ Федоров ауданы бойынша филиал бастығы. 2008-2010 жылдары Федоров ауданы әкімінің орынбасары. 2011-2012 жылдары "Қазақстан Халық Банкі" ААҚ Федоров ауданы бойынша облыстық филиалының басқарма бастығы. 2012-2013 жылдары Амангелді ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мониторинг бөлімінің меңгерушісі. 2013-2017 жылдары "Нұр Отан"партиясы Амангелді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2017 жылы "Амангелді ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі"КММ сектор меңгерушісі. 2017 жылдан 2021 жылға дейін "Амангелді ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі"ММ басшысы. 2021 жылдың шілде айында Арқалық қаласы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.
    Экономика, қаржы, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру, салық және қаржы-несие тәртібі, қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, ветеринарияны, жер қатынастарын дамыту, әлеуметтік саладағы мәселелерге жетекшілік етеді. халықты қорғау және жұмыспен қамту, еңбек қатынастары саласындағы еңбек заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету, жетекшілік ететін салалардағы ынтымақтастық бөлігінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
    Мыналармен:

    «Арқалық қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ;

    «Арқалық қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ;

    «Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ;

    «Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ;

    «Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ;

    «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ;

    «Арқалық қаласы әкімдігінің Арқалық қалалық мал дәрігерлік

    станциясы» ММ жұмысын үйлестіру және жетекшілік ету.

    Мыналармен:

    мемлекеттік кірістер басқармасы;

    қазынашылық басқармасымен;

    банктер филиалдарымен;

    «Арқалық аудандық ветеринариялық зертханасы» РМК;

    «ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы» ММ;

    «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Арқалық қалалық аумақтық инспекциясы» ММ;

    № 03878 әскери бөлімімен;

    «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеу қызметі комитетінің жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтың Қостанай облысы бойынша Арқалық филиалымен;

    «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау

    комитетінің Қостанай облысы сот актілерін орындау Департаменті» ММ

    Арқалық қалалық аумақтық сот орындаушылар бөлімімен;

    «ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша Ұлттық статистика бюросының департаменті»

    РММ Арқалық қаласының статистика басқармасымен;

    құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарымен.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері