
Алқанбаева Жұлдызай Нұрқасымқызы
Руководитель отдела бюджетного планирования и бухгалтерского учета
Өмірбаян
1991 жылы 28 қыркүйекте Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Басқұдық ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Басқұдық орта мектебін бітірген. 2009-2013 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінде туризм мамандығы бойынша білім алған. 2018 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін қаржы мамандығы бойынша аяқтады, экономика ғылымдарының магистрі.
Тұрмыста, отбасында екі бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 2013 жылы шілде айында «Әйтеке би аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де жастар практикасынан бастаған. 2014 жылы қаңтар айында Әйтеке би аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы қызметіне орналасқан. 2020 жылдың ақпан – қазан айларында «Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» РММ-де Мемлекеттік сатып алулар және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. 2020 жылғы қараша айынан бастап бүгінге дейін санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті Бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы қызметін атқарады.


