
Жолдыбай Талғат Сәбитұлы
Ырғыз аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Өмірбаян
1985 жылы 12 қарашада Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Жабасақ ауылында дүниеге келген.
2003 жылы «Жабасақ орта мектебін» бітіріп, 2003-2009 ж.ж. аралығында М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медициналық Университетінің медико-профилактикалық іс факультетін аяқтап, дәрігер гигиенист-эпидемиолог мамандығын алды. Білімі - жоғары.
2009-2011 ж.ж. аралығында Хромтау ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы,
2011-2014ж.ж. аралығында Әйтеке би ауданы бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бөлім басшысы,
2014-2017ж.ж. аралығында Әйтеке би ауданы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы,
2017-2017ж.ж. аралығында Әйтеке би аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы;
2017-2018ж.ж. аралығында Әйтеке би аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
2018-2019ж.ж. Ырғыз аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
2019 жылдан бастап Ырғыз аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.

