
Шагаев Берик Сапаргалиевич
Директор Талгарский районный Дом культуры
Өмірбаян
Шагаев Берик Сапаргалиевич - 1966 жылы 1 қаңтар күні Алматы облысы Балқаш ауданы, Бақ-Бақты аулында дүниеге келді. 1981 жылы Талғар қаласында 8-сыныбын аяктаған соң, Талғар қаласындағы Ауыл шаруашылық техникумына түсіп, 1985 жылы аяқтады. Сол жылы Бақ-Бақты күріш совхозына агроном болып жұмысқа орналасты. 1985-1987 жылдар аралығында СА қатарында борышын өтеп қайтты.
1987 жылы Талғар ауданы Т.Рысқұлов ауылындағы клуб меңгерушісі болып жұмысқа кірді. Осы уақыттан бері «Алатау аясында» халықтық ән-би ансамблінің тұрақты мүшесі, мәдениет саласында әдіскер, көркемдік жетекші, аудандық мәдениет үйінің директоры қызметін атқарып келеді. «Үздік мәдениет қызметкері», Аудан, Облыс әкімдерінің құрмет граматаларымен, алғыс хаттарымен марапатталған. 1992 жылы алғаш ұйымдастырылған «Жетісу жұлдызы» облыстық өнер байқауының квартет құрамында жүлдегері. Аудандық мәдениет директорының қызметін атқарған кезде облыс көлемінде Талғар аудандық мәдениет үйі «Үздік мәдениет үйі» атанды. Қазіргі уақытта Талғар аудандық мәдениет үйінің директоры.
