Тамаев Асқар Сәбитұлы
Қорғаныс-өнеркәсіп кешені департаменті директорының орынбасары
Өмірбаян
Асқар Сәбитұлы Тамаев 1967 жылы 7 желтоқсанда Жамбыл облысының Жамбыл қаласында зиялы отбасында дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар – заң және экономикалық.
1989 жылы тамызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің заң факультетіне түскен. 1994 жылы маусымда жоғарыда аталған университеттің заң факультетін үздік тәмамдады.
2014 жылы Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінің экономика факультетін үздік аяқтады.
1994 жылғы маусымнан бастап 2010 жылғы шілдеге дейін прокуратура органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.
2011 жылғы маусым мен 2012 жылғы тамыз аралығында – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінде басқарма басшысы болды.
2012 жылғы тамыз бен 2014 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде бас сарапшыдан бастап департамент директорына дейін түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі болып қайта құрылғаннан кейін 2019 жылғы 01.11. дейін Мемлекеттік құпияларды қорғау, ақпарат қауіпсіздігі және жұмылдыру дайындығы департаментінің директоры болды.
2019 жылғы 01.11. мен 2020 жылғы тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаменті қару-жарақ және әскери техниканы дамыту басқармасының басшысы болды.
2020 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі кешені департаменті директорының орынбасары лауазымында қызмет атқаруда.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының наградаларына ие.

