
Өмірбаян
Мұрат Уәлиханұлы Қарабалаев — 1985 жылғы 27 желтоқсанда Өзбекстан Республикасы Жизақ облысы Октябрь ауданы Үш-Қахраман совхозында туды, 2008 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн «Юриспруденция» мамандығы бойынша бiтiрдi.
Үйленген, ұл тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 2008 жылы «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ жетекшi маманнан бастады. 2011-2013 жылдары «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы Белое ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» ММ бас маманы, 2013 жылдан 2019 жылға дейiн «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлiмiнiң басшысы болып жұмыс iстедi. 2019 жылы Мамлютка қаласы әкiмi аппаратының бас маманы лауазымына тағайындалды.
Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң 2021 жылғы 20 сәуiрдегi өкiмiмен Мұрат Уәлиханұлы Қарабалаев Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округiнiң әкiмi болып тағайындалды.
2021 жылғы 14 сәуір. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Пригород ауылдық округінің округінің сайланған әкімін тіркеу туралы Мамлют аудандық сайлау комиссиясының шешімі. 2021 жылғы 20 сәуірден бастап м. а., 2021 жылғы 02 тамызда тағайындалды.




