
Өмірбаян
Анаргүл Нұрғалиқызы Бәкеева — 1969 жылы 14 қыркүйекте Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы Октябрь ауылында туды, 1991 жылы Қарағанды кооператив институтын «Ревизия және бақылау» мамандығы бойынша тәмамдады.
Үйленген, екi баласы бар.
Еңбек жолын 1986 жылы Мамлют мемлекеттiк тұқым инспекциясында техник болып бастады. 1991 жылы институт бiтiргеннен кейiн Боголюбово нан комбинатында экономист ретiнде жұмыс iстедi. 2008 жылы Ленин ауылдық округi әкiмiнiң аппаратына атаулы әлеуметтiк көмек жөнiндегi маман болып жұмысқа орналасты. 2014 жылғы 2 қазанда Ленин ауылдық округi әкiмiнiң аппаратында iс жүргiзу жөнiндегi бас маман болып мемлекеттiк қызметке орналасты.
Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют аудандық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 27 шiлдедегi шешiмiмен Анаргүл Нұрғалиқызы Бәкеева Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы Ленин ауылдық округiнiң әкiмi болып тiркелдi.
2021 жылғы 27 шілде. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Бике ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы Мамлют аудандық сайлау комиссиясының шешімі




