
Өмірбаян
1965 жылы 24 желтоқсанда СҚО Сергеев ауданы Приишимка ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2006 жылы Алматы қаласының Орталық Азия университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
1986 жылдың маусымынан бастап 2001 жылдың ақпанына дейін Сергеев ауданының ІІО жанынан полиция қызметкері болып жұмыс істеді.
2001 жылдың ақпанынан бастап 2007 жылдың ақпанына дейін СҚО ІІД Шал ақын ауданы ІІО қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істеді.
2007 жылдың ақпанынан бастап 2008 жылдың ақпанына дейін СҚО ІІД Шал ақын ауданы ІІО қылмыс жасады деп күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамауда ұстау изоляторының бастығы болып жұмыс істеді.
2008 жылдың ақпанынан бастап 2009 жылдың сәуіріне дейін СҚО ІІД Шал ақын ауданы ІІД көші-қон полициясы тобының аға инспекторы болып жұмыс істеді.
2009 жылғы сәуірден бастап 2010 жылғы қаңтарға дейін СҚО ІІД Шал ақын ауданы ІІО учаскелік полиция инспекторларының қызметіне басшылық ету бойынша қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2010 жылдың қаңтар айынан бастап 2011 жылдың қазан айына дейін СҚО ІІД Шал ақын ауданы ІІО бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдың наурызынан бастап 2021 жылдың мамырына дейін Шал ақын ауданының білім бөлімінің заң мәселелері бойынша маманы болып жұмыс істеді.
2023 жылдың сәуірінен бастап 2024 жылдың мамырына дейін Шал ақын ауданы аудандық ауруханасының АХ бастығы болып жұмыс істеді.
2024 жылғы 23 мамырдан бастап Шал ақын ауданы әкімдігінің Аютас ауылдық округінің әкімі болып жұмыс істейді.



