
Өмірбаян
1989 жылы 29 қазанда СҚО, Сергеев ауданы, Ленино ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары. 2011 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша бітірген.
2011 жылдың тамыз айынан желтоқсан айына дейін "Шал ақын ауданы Жәрдем" МКК бухгалтерінің көмекшісі болып жұмыс істеді.
2012 жылдың қаңтарынан бастап 2013 жылдың ақпанына дейін Шал ақын ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің операторы болып жұмыс істеді.
2013 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында Шал ақын ауданы Октябрь ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
2013 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында Шал ақын ауданы Октябрь ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді.
2013 жылдың шілдесінен бастап 2017 жылдың қыркүйегіне дейін Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді.
2017 жылдың қыркүйегінен бастап 2024 жылдың мамырына дейін Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2024 жылдың 23 мамырынан бастап Шал ақын ауданы Сергеевка қаласының әкімі болып жұмыс істейді.



