Ахмадиқызы Бұлбұл

    Білім бөлімінің басшысы

    Ахмадиқызы Бұлбұл
    Руководитель отдела

    Ахмадиқызы Бұлбұл

    Білім бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    1975 жылы 12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Жалтыр ауылында дүниеге келген.

    Білімі жоғары. 1997 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "математика және информатика мұғалімі" мамандығы бойынша, 2022 жылы Омбы мемлекеттік университетін, магистратураны бітірген.

    Педагогика ғылымдарының магистрі.

    1998 жылдың қыркүйегінен бастап 2001 жылдың тамызына дейін "Қазақ тірек орта мектеп-интернаты" ММ математика мұғалімі болып жұмыс істеді, Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы.

    2001 жылдың тамызынан бастап 2006 жылдың тамызына дейін "Қазақ тірек орта мектеп-интернаты" ММ директорының тәрбие работе жөніндегі орынбасары қызметін атқарды, Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы.

    2006 жылдың қыркүйегінен бастап 2007 жылдың тамызына дейін "Қазақ тірек орта мектеп-интернаты" ММ директорының инновация жөніндегі орынбасары қызметін атқарды, Шал ақын ауданы Сергеевка қаласы.

    2007 жылдың тамызынан бастап 2009 жылдың қаңтарына дейін облыстық білім басқармасының өңірлік жаңа технологиялар орталығының маманы болып жұмыс істеді, Петропавл қаласы.

    2009 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында "Қазақ мектеп-гимназиясы" КММ математика мұғалімі болып жұмыс істеді, Петропавл қаласы.

    2009 жылдың наурызынан бастап 2013 жылдың қарашасына дейін "Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты" КММ директорының оқу жөніндегі орынбасары қызметін атқарды, Петропавл қаласы.

    2013 жылдың қарашасынан бастап 2015 жылдың қыркүйегіне дейін "Парасат "мектеп-лицейі" КММ директоры болып жұмыс істеді, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы.

    2015 жылдың қыркүйегінен бастап 2022 жылдың қарашасына дейін "Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектебі гимназиясы" КММ директоры болып жұмыс істеді, Петропавл қаласы.

    2022 жылғы қарашадан бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Петропавл қаласының білім бөлімі" КММ басшысының орынбасарының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

    2023 жылдың қаңтарынан бастап 2024 жылдың наурызына дейін "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Петропавл қаласының білім бөлімі" КММ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2024 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" КММ "Шал ақын ауданының білім бөлімі" КММ басшысы болып жұмыс істейді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері