
Мұхамеджанова Самал Серікқызы
Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы
Өмірбаян
1990 жылы 19 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Аймжан ауылында дүниеге келген.
Білімі орта арнаулы.
2010 жылы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжін "Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша бітірген.
2010 жылдың тамыз айынан желтоқсан айына дейін Шал ақын ауданының аудандық мәдениет үйінің бухгалтері болып жұмыс істеді.
2011 жылдың наурызынан бастап 2012 жылдың наурызына дейін Шал ақын ауданы мұражайының құжаттар редакторы болып жұмыс істеді.
2012 жылдың сәуірінен бастап 2013 жылдың қыркүйегіне дейін Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы прокуратурасының іс жүргізушісі болып жұмыс істеді.
2013 жылдың қыркүйек-қараша айлары аралығында Шал ақын ауданы әкімі аппаратының экономикалық мәселелер жөніндегі бас маманының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
2013 жылдың қараша айынан бастап 2017 жылдың қаңтар айына дейін Шал ақын ауданы әкімі аппаратының экономикалық мәселелер бойынша бас маманы болып жұмыс істеді.
2017 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Шал ақын ауданы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу және мұрағат бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2017 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шал ақын ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді.



