
Андреева Елена Павловна
Экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Елена Павловна 1981 жылы 15 ақпанда Солтүстiк Казақстан облысы Сергеев ауданы Ступинка а. туған.
2003 жылы Петропавл бизнес және басқару институтiн бiтiрдi. Мамандығы бойынша — «Қаржы және несие».
2000 жылдың қыркүйегінен бастап 2004 жылдың тамызына дейін Ступинка орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2004 жылдың тамызынан бастап 2006 жылдың наурызына дейін Ступинка ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы болып жұмыс істеді.
2006 жылдың наурызынан бастап 2006 жылдың желтоқсанына дейін Шал ақын ауданы әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді.
2006 жылдың желтоқсанынан бастап 2011 жылдың қазан айына дейін Шал ақын ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2011 жылдың қазанынан бастап 2012 жылдың наурызына дейін Шал ақын ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
2012 жылдың наурызынан бастап 2013 жылдың қарашасына дейін Шал ақын ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2013 жылдың қараша айынан бастап 2016 жылдың желтоқсан айына дейін Шал ақын ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2016 жылдың желтоқсанынан бастап 2019 жылдың наурызына дейін Шал ақын ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2019 жылдың сәуір айынан бастап 2020 жылдың қараша айына дейін Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шал ақын ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді.




