
Бөскеев Әсет Серікбайұлы
Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1990 жылы 30 қазанда СҚО Сергеев ауданы Социал ауылында дүниеге келді. 2011 жылы агротехникалық университетті «Кадастр» мамандығы бойынша бітірді.
2012 жылдың маусым айынан бастап 2012 жылдың желтоқсан айына дейін Шал ақын ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманының көмекшісі болып жұмыс істеді.
2012 жылдың желтоқсанынан бастап 2013 жылдың желтоқсанына дейін Шал ақын ауданының жер қатынастары бөлімінің операторы болып жұмыс істеді.
2014 жылдың қаңтарынан бастап 2014 жылдың наурызына дейін Шал ақын ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
2014 жылдың наурызынан бастап 2017 жылдың қыркүйегіне дейін Шал ақын ауданының жер қатынастары бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2017 жылдың қыркүйегінен бастап 2020 жылдың желтоқсанына дейін Шал ақын ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2020 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шал ақын ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді.




