
Орынбаев Рустам Сәкенұлы
Жер қатынастары бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1993 жылы 28 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Сергеевка қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2016 жылы Челябі мемлекеттік университетін "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген.
2013 жылғы қарашадан бастап 2014 жылғы қазанға дейін Қостанай қаласы "Солнечный" ЖШС бақылаушысы болып жұмыс істеді.
2014 жылғы қазаннан бастап 2015 жылғы қазанға дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қарулы Күштеріндегі қызметі, Астана қаласы.
2016 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында Шал ақын ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы болып жұмыс істеді.
2019 жылдың наурыз-сәуір айлары аралығында Шал ақын ауданы әкімі аппаратының компьютерлік-модемдік байланыс операторы болып жұмыс істеді.
2019 жылдың сәуір-мамыр айлары аралығында Шал ақын ауданы әкімі аппаратының бас маманының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.
2019 жылдың мамырынан бастап 2021 жылдың шілдесіне дейін Шал ақын ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2021 жылдың шілдесінен бастап 2023 жылдың қарашасына дейін Шал ақын ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2023 жылдың желтоқсанынан бастап 2024 жылдың желтоқсанына дейін Шал ақын ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру - бақылау жұмысы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2024 жылдың желтоқсанынан бастап 2025 жылдың наурызына дейін Шал ақын ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік - құқықтық жұмысы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.
2025 жылдың 18 наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Шал ақын ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді.




