Чугунков Олег Васильевич

    Мәслихат аппаратының басшысы

    Чугунков Олег Васильевич
    Руководитель аппарата

    Чугунков Олег Васильевич

    Мәслихат аппаратының басшысы

    Өмірбаян

    1977 жылы Семей облысы Мақаншы ауданының Жарбұлақ ауылында туған. Білімі-жоғары. 1998 жылы Шәкәрім атындағы Семей педагогика институтын ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша; 2001 жылы Семей гуманитарлық институтын оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша; 2020 жылы Қазақстан-Америка еркін университетін бизнес және басқару бакалавры (мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандығы бойынша бітірген.

    03.09.1998 - 24.08.2000 Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласындағы № 32 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі;

    25.08.2000 - 01.07.2002 Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласындағы № 38 орта мектебінің қазақ тілі мұғалімі;

    01.07.2002 – 21.02.2005 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы;

    21.02.2005 - 01.10.2005 Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы, Өскемен қаласы;

    01.10.2005 - 10.09.2006 Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, Өскемен қаласы;

    10.09.2006 - 31.01.2007 Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы, Өскемен қаласы

    01.02.2007 - 22.10.2007 Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас маманы - аппарат басшысының көмекшісі, Өскемен қаласы;

    23.10.2007 - 01.02.2010 Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы, Өскемен қаласы;

    01.02.2010 - 04.03.2010 «Устинка» газеті редакциясының жауапты хатшысы, Өскемен қаласы;

    05.03.2010 - 25.12.2011 БҰҰДБ жобасының қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық сарапшысы, Өскемен қаласы;

    26.12.2011 - 28.08.2015 «Шығыс Қазақстан облысының талдау және болжау институты» ЖШС қоғамдық-саяси және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бастығы, Өскемен қаласы;

    01.09.2015 - 14.03.2017 Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары, Өскемен қаласы;

    15.03.2017 - 21.05.2017 уақытша жұмыс істеген жоқ, Өскемен қаласы;

    22.05.2017 - 12.09.2017 Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы, Өскемен қаласы;

    13.09.2017 - 18.11.2019 «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Өскемен қаласы;

    19.11.2019 - 03.03.2022 «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Өскемен қаласы;

    04.03.2022 - 05.06.2023 Курчатов қаласының әкімі;

    01.08.2023 - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері