Мейржан Арайлым Мейржанқызы

    Коммуникация қызметінің басшысы

    Мейржан Арайлым Мейржанқызы
    Руководитель

    Мейржан Арайлым Мейржанқызы

    Коммуникация қызметінің басшысы

    Өмірбаян

    Мейржан Арайлым Мейржанқызы Ұлытау облысы, Жайрем кентінде дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (Теплоэнергетика) және С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін (Журналистика) тәмамдаған.


    Еңбек жолын 2016 жылғы қазан айында хатшы‑референт, ҚР Білім және ғылым министрлігі қарамағындағы «Болон процессі және академиялық мобильділік орталығы» РГП-де бастады.

    Бұдан әрі 2018 жылғы наурыздан 2020 жылғы ақпанға дейін «Qazaqstan» Ұлттық телерадиокорпорациясында, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінде ақпараттық‑имиджелік жобалар координаторы ретінде қызмет етті.

    2020 жылғы ақпаннан 2024 жылғы наурызға дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті, Қоғамдық байланыс және мемлекеттік органдармен үйлестіру басқармасында бас сарапшы болып жұмыс жасады.

    2024 жылғы наурыздан 2026 жылғы қаңтарға дейін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің БАҚ-пен өзара іс-қимыл және азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша басқарма басшысы болды.

    2026 жылдың қаңтарынан бастап ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің коммуникация қызметінің басшысы болып тағайындалды.

    Марапаттары

    2022 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған.

    2021 жылы Мемлекет басшысы Алғыс хаты берілген.